русский язык
Бокс

Бокстан халықаралық «Ұлы Жібек жолы» турнирі басталады

Бүгін бокстан Әзербайжан астанасы Бакуде дәстүрлі халықаралық «Ұлы Жібек жолы» турнир басталады.

Халықаралық турнирде 11 елден келген 121 боксшы сынға түседі. Олардың арасында Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Ресей, Польша, Қырғызстан, Тәжікстан, Иран, Италия, Пәкістан және Венгрия боксшылары бар.

Ел құрамасын турнирге Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) бастап барады.

Сондай-ақ, жарыста Теміртас Жүсіпов (48 келі), Дамир Әбдіқадыр (51 келі), Тимур Қабешов (54 келі), Талғат Сырымбетов (60 келі), Серік Теміржанов (63,5 келі), Бақтияр Смағұлов (67 келі), Дархан Дүйсебай (71 келі), Тимур Нұрсейітов (75 келі), Бекзат Таңатар (86 келі), Сағындык Тоғамбай (92 келі) шаршы алаңға шығады.

Дәстүрлі турнир бес күнге созылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;