русский язык
Бокс

Астанада бокстан Бақтияр Артаевтің жүлдесіне арналған турнир басталды

Астанада бокстан Афина Олимпиадасының чемпионы, Вэл Баркер кубогының иегері Бақтияр Артаевтың құрметіне арналған жасөспірімдер арасында халықаралық турнир басталды.

Даңықты боксшымыз Артаевтың құрметіне арналған турнир ресми жарыстар күнтізбесіне енгізілген. Аталмыш бәсекеге Қазақстанның түкпір-түкпірінен және Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан сияқты көрші мемлекеттерден жалпы саны 300-ге жуық былғары қолғап шебері сынға түседі.

Бокс турнирі 2 жас деңгейі бойынша өтеді. Жалпы 14 салмақта жеңімпаздар анықталады. Жүлдеге ие болған спортшыларға қаржылай сыйақы табысталмақ.

Халықаралық турнир Астана төріндегі «Билайн Арена» сарайында өтіп жатыр.

Айта кету керек, Бақтияр Артаев атындағы байрақты бәсеке алғаш ұйымдастырылып жатыр.

Түпнұсқасы: Inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;