Мәскеуде алдағы екі күнде өтетін барлық спорттық іс-шаралар тоқтатылды
Мәскеу мэрі Сергей Собянин осы демалыс күндері (23-24 наурыз аралығында) елордадағы барлық спорттық, мәдени және басқа да бұқаралық іс-шараларды тоқтату туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Сенбі күні Мәскеуде «Спартак» - «Металлург» Құрлықтық хоккей лигасының ширек финалдық плей-офф сериясының төртінші ойыны өтуі керек еді.
Естеріңізге сала кетейік, жұма күні кешке Crocus City Hall концерт залында атыс болып, кейін ғимаратта өрт басталған.
Қаза тапқандар мен жараланғандар бар.