«E3 Saxo Classic»: «Астана» шабандозы алғашқы жиырмалыққа кірді
![«E3 Saxo Classic»: «Астана» шабандозы алғашқы жиырмалыққа кірді](https://prosports.kz/upload/news/content//202403/203991_4bc90c3684abab66b6b53f0f8b9cc61e.jpeg?v=28701871)
Бүгін Бельгия жолдарында «E3 Saxo Classic» бір күндік веложарыс өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жарыстың жеңімпазы Alpecin-Deceuninck командасындағы голландиялық Матье Ван дер Поэл болды.
Қазақстандық Глеб Брусенский 20-шы болып мәреге жетті. Глеб Сырица жарысты 53-ші, Евгений Федоров 65-ші, Макс Кантер 107-ші болып аяқтады. Мишель Гадзоли, Евгений Гидич және Рюдигер Зелиг мәреге жете алмады.