русский язык
Теннис

Қазақстандық теннисші Мексикадағы турнирдің жартылай финалына шыға алмады

Қазақстандық теннисші Мексикадағы турнирдің жартылай финалына шыға алмады

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Мексиканың Мерида қаласында өтіп жатқан турнирдегі өнерін аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Попко жекелей сындағы ширек финалда америкалық Тристан Бойермен (230-орын) кездесіп, 6:1, 2:6, 3:6 есебімен жеңіліп қалды.

Еске салайық, бұған дейін Дмитрий аустралиялық теннисші Томас Фанкутты (749-орын) – 6:4, 7:5 есебімен жеңген еді, одан кейін АҚШ өкілі Алекс Рыбаковты (540-орын) матч өткізбей келесі айналымға шыққан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;