русский язык
Теннис

Теннистен ӘЧ: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы іріктеу турнирінде жартылай финалдан тыс қалды

Теннистен ӘЧ: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы іріктеу турнирінде жартылай финалдан тыс қалды

Кучингте (Малайзия) 14 жасқа дейінгілер арасында World Junior Tennis Competition 14&under Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирінде Қазақстан жасөспірімдер құрамасы жартылай финалға бір қадам жетпей тоқтады.

Қазақстандықтар ширек финалда тартысты матчта іріктеу жарысының 3-ракеткасы болып тіркелген Аустралия құрамасына 1:2 есебімен жол берді.

Бірінші ойында Екатерина Кирюшенко Весна Маринкадан айласын асырды – 6:3, 6:2.

Екінші кездесуде Найля Баймахан Отт Джениферге шамасы жетпеді – 6:7 (5:7), 2:6.

Соңғы, жұптық бәсекеде Баймахан – Кирюшенко Чен Лю – Маринкаға есе жіберді – 5:7, 5:7. Екі партия да тартысты өтіп, қазақстандықтар өз мүмкіндігін пайдалана алмады.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;