русский язык

«Ақтөбе» ресейлік клубпен жолдастық кездесу өткізеді

«Ақтөбе» ресейлік клубпен жолдастық кездесу өткізеді

Қазақстандық «Ақтөбе» ФК Белектегі оқу-жаттығу жиыны аясында қазандық «Рубинмен» кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дмитрий Парфенов шәкірттері ертең Түркияда ресейлік «Рубин» (Қазан) клубымен бақылау матчын өткізеді.

«Рубин» қазір Ресей Премьер-лигасында өнер көрсетеді және көршілес елдің бірнеше дүркін чемпионы болып табылады.

Кездесу ертең ақтөбеше сағ. 19:00-де басталады. Екі жақтың келісімі бойынша матч жабық түрде өтеді және ойынның тікелей эфирі болмайды.


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;