русский язык
ММА

Асу Алмабаев өз салмағындағы ең үздік бес қазақстандық спортшыны атады

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев 57 келіде өнер көрсететін ең үздік бес қазақстандық спортшыны атады. Бұл туралы спортшы арнайы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

"Зүлфикар” лақап атымен танылған спортшы 57 келіде жұдырықтасатын қазақстандық спортшылардың үздік бестігінен өзін көрмейтінін айтты.

“Аса жеңіл салмақта жұдырықтасатын бауырларымыздың бәрі мықты. Ешқайсысы бөліп-жаруға болмайды. Десекте, үздік бестіктің басына Қайрат Ахметовті қояр едім. UFC-де өнер көрсетпегенімен өте мықты спортшылардың бірі. Жалғас Жұмағұлов, Арман Әшімов, Әліби Ыдырыс сияқты спортшылар да ерекше атап өтуге болады. Одан бөлек те, мықтылар жетерлік. Өзімді осы мықтылармен салыстырсам, соңына қояр едім” – деді Асу күліп.

Айта кетейік, Асу Алмабаев 57 келі салмақ бойынша әлемдік рейтингте ең үздік 20 спортшының қатарына кіреді. Ол 21 жекпе-жек өткізіп, 19 кездесуінде қарсыласынан басым түссе, 2 рет жеңілген еді.

Түпнұсқасы: stan.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;