Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатына қатысады
![Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатына қатысады](https://prosports.kz/upload/news/content//202403/201131_b3d98a088421a4a50137c40d119aa774.webp?v=28685784)
Андоррада 7-13 сәуір аралығында шайбалы хоккейден әйелдер арасында екінші дивизионның А тобында ойындар өткізіледі. Оған Қазақстан құрамасы да қатысады.
Қазақстандық хоккейшілер бірінші дивизионға берілетін жалғыз жолдаманы Бельгия, Испания, Исландия, Тайпей және Мексика құрамаларымен шеберлік байқасады.
Қазақстан құрамасының ойын кестесі:
7 сәуір. 20:30. Мексика — Қазақстан
8 сәуір. 17:00. Қазақстан — Тайпей
10 сәуір. 17:00. Қазақстан — Исландия
11 сәуір. 20:30. Бельгия — Қазақстан
14 сәуір. 00:00. Испания — Қазақстан.
Қазақстандық хоккейшілер былтыр Оңтүстік Кореяның Сувон қаласында бірінші дивизионның В тобында сынға түсті.
Барлық ойында жеңіліп, бір сатыға төмен дивизионға төмендеді.