русский язык
Бокс

Қазақстандық боксшылар Литвадағы турнирге қатысады

Қазақстандық боксшылар Литвадағы турнирге қатысады

Қазақстандық боксшылар Литваның Каунас қадасында өтетін Альгирдас Шоцикас атындағы халықаралық турнирге қатысады. Оған әлемнің 17 елінен 120-ға жуық боксшы жиналады.

Халықаралық турнир 21-23 наурыз аралығында өтеді. Жарыста ел құрамасы сапында 11 боксшы бар.

Боксшылардың тізімі төмендегіше:
51 келі: Даниял Сабит;
54 келі: Нұрсұлтан Алтынбек
57 келі: Асылжан Серікбай
60 келі: Алмат Әбдуәли
63,5 келі: Жандос Қыдыралиев
67 келі: Елнұр Сүйінбай
71 келі: Фарух Тохтасунов
75 келі: Азамат Бектас
80 келі: Тұрсынбай Құлахмет
92 келі: Абзал Құттыбеков
92 келіден жоғары: Аманат Сабырғали.

Боксшыларды жарысқа Жәміл Жүсіп, Бағдат Оңғарбеков, Закир Сафиуллин дайындады.
А́льгирдас Шо́цикас 1953, 1955 жылдары екі дүркін Еуропа чемпионы атанған. Одан басқа көптеген жарыста жеңіс тұғырынан көрінді.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;