русский язык

Грекия құрамасының бас бапкері: Қазақстанның прогрессі біздікінен де қарқынды

Грекия құрамасының бас бапкері: Қазақстанның прогрессі біздікінен де қарқынды

Грекия құрамасының бапкері Густаво Пойет Қазақстанмен матч алдындағы баспасөз мәслихатында қарсыласының жетістіктерін өз командасының жетістіктерімен салыстырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қазақстан соңғы бірнеше жылда үлкен жетістіктерге жеткен команда. Олардың прогрессі біздікінен де қарқынды. Дегенмен, біз қабілетімізді көрсетуге дайынбыз», - деді Пойет.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттар лигасы аясындағы Грекия мен Қазақстан арасындағы кездесу 21 наурыздан 22 наурызға қараған түні Афинада өтеді. Ойынның басталуы Қазақстан уақыты бойынша 00:45-ке жоспарланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;