русский язык

Магомед Әдиев: Бағымызды шабуылдан іздейміз

Магомед Әдиев: Бағымызды шабуылдан іздейміз

Грекиямен ойын алдында Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев команда қорғаныс арқылы ойнай ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.

«Грекия құрамасының бас бапкері біздің команданың қалай ойнайтынын жақсы білетінін айтты. Тек қана қорғаныс арқылы ойнау деген ұғымнан әлем футболы арылды. Тіпті, Даниямен болған матчта да қорғаныста қымтанып жатып алған жоқпыз. Ертеңгі матчқа да ондай жоспар дайындамадық. Алайда матчтан кейін бір команданың бақытсыз күй кешетіні анық. Тең нәтиже болмайды. Біз де, қарсыласымыз да бағымызды шабуылдан іздейтін боламыз. Салқынқанды, бір қалыпты ойнауға тырысамыз», - деді Әдиев.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттар лигасы аясындағы Грекия мен Қазақстан арасындағы кездесу 21 наурыздан 22 наурызға қараған түні Афиныда өтеді. Ойынның басталуы Қазақстан уақыты бойынша 00:45-ке жоспарланған.

Еуропа чемпионатына екі қадам! Ертегі жалғаса ма?

Қазақстан құрамасы Грекияға қарсы матч өткізу үшін Афиныға жетті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;