русский язык
ММА

Асу Алмабаев АҚШ-тағы оқу-жаттығу жиынына қанша ақша жұмсағанын айтты

Асу Алмабаев АҚШ-тағы оқу-жаттығу жиынына қанша ақша жұмсағанын айтты

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев АҚШ-та өткен оқу-жаттығу жиындарына қанша қаражат жұмсағанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Асу Алмабаев пен оның бапкері Эдуард Базровтың қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында журналистердің бірі қазақстандық файтерден жаттығуға қанша ақша жұмсағанын сұрады.

«Бір жарым айдай АҚШ-та дайындалдың, жаттықтың. Алдында Нұрбек ағамыз бір сұхбатында Шавкаттың айлық оқу-жаттығу жиынына шамамен 45-50 мың доллар кетті деген еді. Саған қанша ақша кетті?», – деп сауал қойды журналист. Алмабаев бұл сұраққа қысқа жауап берді. «Маған ондай ақша кеткен жоқ, 20-30 мыңдай жұмсадым», – деді қазақстандық файтер.

Еске салайық, Асу Алмабаев жақында Майамиде (АҚШ, Флорида штаты) өткен UFC 299 турнирінде АҚШ өкілі Си Джей Вергараны төрешілердің шешімімен жеңген еді.

Осылайша Алмабаев кәсіби мансабындағы он тоғызыншы, ал UFC-дегі екінші жеңісіне ие болды. Кейін қазақстандық файтер бұл жекпе-жекте қанша табыс тапқаны белгілі болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;