русский язык

Еуропа чемпионатына іріктеу: Шотландия - Қазақстан матчының тікелей трансляциясы

Еуропа чемпионатына іріктеу: Шотландия - Қазақстан матчының тікелей трансляциясы

Қазақстан жастар құрамасы (U21) 2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде шотландиялық (U21) құрдастарына қарсы ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан әзірге «В» тобындағы іріктеу кезеңіндегі төрт ойынға ғана қатысты. Команда үш ұпай жинады. Құрама үш рет қатарынан: Венгриядан 0:2, Бельгиядан 0:1, Испаниядан 0:4 есебімен ұтылды. Соңғы ойында Мальта құрамасын 2:0 есебімен ұтқан команда топтағы алғашқы ұпайларына қол жеткізді.

Матчтың тікелей трансляциясы Астана уақытымен наурыздың 21-нен 22-не қараған түні сағат 00:00-де басталады және livetv767.me сайтынан көруге болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;