UFC-ден үміті бар қазақ қызы қытайлық әлем чемпионымен кездеседі
![UFC-ден үміті бар қазақ қызы қытайлық әлем чемпионымен кездеседі](https://prosports.kz/upload/news/content//202403/203991_04e5cee3137346e0e9fead9710a3d26a.jpg?v=28686445)
Алматыдағы OCTAGON 57 турнирінде жеңілмеген қазақстандық ММА өкілі Аян Тұрсын (5-0) жекпе-жекте қарсыласын білді, деп жазады Prosports.kz.
Жеңіл салмақ бойынша OCTAGON лигасы чемпионының қарсыласы Қытайдан аймақтық ұйымдарда бақ сынаған 26 жастағы қытайлық Хан Гуанмей (7-5) болады.
Гуанмей 2017 жылы ММА бойынша Азия чемпионы, 2019 жылы әлем чемпионы, 2023 жылы GAMMA MMA бойынша әлем чемпионы атанды.