русский язык
Единоборства

Тбилисидегі «Үлкен дулыға» турнирінде Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар анықталды

Тбилисидегі «Үлкен дулыға» турнирінде Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар анықталды

Дзюдодан 22-24 наурыз күндері аралығында Грузия астанасы Тбилисиде 83 елден 500-ден астам спортшының басын қосатын «Үлкен дулыға» бәсекесі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Естеріңізде болса, 2023 жылы жерлестеріміз 1 күміс, 2 қоламен оралған болатын.

Аталмыш жарыста ел намысын қорғайтын спортшылар:

Ерлер
60 келі: Нұрқанат Серікбаев, Дәурен Сүйеукенов
66 келі: Есет Қуанов, Сұңғат Жұбатқан
73 келі: Бақытжан Абдурахманов
81 келі: Мәди Амангелді
100 келі: Ислам Бозбаев
+100 келі: Ерасыл Қажыбаев, Ғалымжан Қырықбай

Әйелдер
48 келі: Ғалия Тынбаева
52 келі: Балнұр Әбдешова
57 келі: Бақыт Құсақбаева
63 келі: Кристина Сотникова
70 келі: Екатерина Токарева
78 келі: Маргарита Гриценко, Аруна Жангельдина
+78 келі: Кәмила Берліқаш, Карина Такиева

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;