русский язык
Бокс

Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі тағайындалды

Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі тағайындалды

Қазақстан бокс федерациясы президентінің кеңесшісі қызметіне Жалғас Түкешов тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

«Жалғас Түкешов бокстан Қазақстан Республикасының спорт шебері, 10 жылдан бері әуесқой бокста бапкерлік атқарады. Сондай-ақ 8 жылдан бері кәсіпқой бокста промоутерлік қызметпен айналысып, Қазақстанда бокс кештерін ұйымдастырып жүр», – делінген Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі жариялаған ақпаратта.

Еске салайық, 5 ақпанда Астанада Қазақстан бокс федерациясының жылдық дәстүрлі жиыны өтіп, федерацияның жаңа президенті болып Шахмұрат Мүтәліп сайланған еді.

Осыған дейін бұл қызметті Кеңес Рақышев атқарған болатын. Сондай-ақ бокстан Сидней Олимпиадасының күміс медаль иегері Мұхтархан Ділдәбеков Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;