русский язык

Қазақстандық футболшы «Динамоға» ауысады

26 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Владислав Васильев Минскінің «Динамосына» ауыспақ, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Футболшы жақын арада клубпен келісімшартқа отырмақ.

Васильев – Қарағанды ​​футбол мектебінің түлегі. Жартылай қорғаушының соңғы клубы «Ордабасы» болды, онымен 2023 жылғы маусымда чемпион атанды.

Сондай-ақ оның мансабында Қостанайдың «Тобыл», Беларусьтің «Энергетик-БГУ», «Рух» және Өзбекстанның «Андижан» клубтары болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;