русский язык
ММА

Петр Ян UFC-мен келісімшартын ұзартудан бас тартты

Петр Ян UFC-мен келісімшартын ұзартудан бас тартты

Танымал ресейлік файтер Петр Ян UFC промоушенімен жаңа келісімшарт жасасудан бас тартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Петрге алты жекпе-жекке есептелген жаңа келісімшарт ұсынылды. Бірақ ұсыныс біздің ойымыздан шықпады. Бұл келісімшартқа қол қоймау туралы шешім қабылданды», - деп келтіреді Янның командасының сөзін ТАСС.

Еске салайық, UFC 299 турниріндегі кейінгі жекпе-жегінде Ян қытайлық Сонг Ядонгпен кездескен болатын. Турнир Мәскеу уақытымен 10 наурызға қараған түні Майамиде (АҚШ) өтті.

Басты кардтың алғышқы жекпе-жегінде Ян төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті. Осы жеңістен кейін Янның кәсіби карьерасында бес жеңіліс, 17 жеңіс бар. Ядонгпен жекпе-жекке дейін Петр қатарынан үш рет жеңіліп қалған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;