русский язык
Единоборства

Қазақстандық балуан қыз әлемдік рейтингте үздік үштікке енді

Қазақстандық балуан қыз әлемдік рейтингте үздік үштікке енді

Қазақстандық спортшы Жәмилә Бақбергенова Біріккен әлем күресінің (UWW) жаңартылған рейтингінде әйелдер арасында 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орында тұр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл салмақтың көшбасшысы америкалық Эмит Элор. Екінші орында Моңғолия өкілі Даваанасан Энх-Амар. 72 келіде рейтингте төртінші орында жапондық Мива Морикава.

Айта кетейік, Жәмилә Бақбергенова алдағы Бішкекте (Қырғызстан) өтетін лицензиялық олимпиадалық турнирде өнер көрсетеді. Жарыс 19-21 сәуір аралығында өтеді.

Айта кетейік, Бақбергенова 76 келіге дейінгі салмақта 2024 жылғы Олимпиада жолдамасы үшін күреседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;