Қазақстандық файтер BRAVE CF-мен жаңа келісімшарт жасасты
![Қазақстандық файтер BRAVE CF-мен жаңа келісімшарт жасасты](https://prosports.kz/upload/news/content//202403/472_270f0460f3f5fc81bd34c73f16e894ae.webp?v=28686749)
Қазақстандық ММА файтері Олжас Есқараев BRAVE CF лигасымен келісімшарт жасасқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Legalbet.kz сайтына сілтеме жасап.
«Менде жаңа келісімшарт бар. BRAVE CF-ден. Бес жекпе-жекке есептелген. Әзірге келесі жекпе-жекке қарсылас берілген жоқ. Күні де белгісіз. Менің ойымша, шамамен мамыр-маусымда», - деді Есқараев.
Қазақстандық файтердің еншісінде ММА-де 15 жеңісі мен жеті жеңілісі бар.