русский язык

Волейболдан Қазақстан чемпионаты чемпионатында «Берел» жартылай финалда «Жетісуды» жеңді

Волейболдан Қазақстан чемпионаты чемпионатында «Берел» жартылай финалда «Жетісуды» жеңді

Түркістан қаласында волейболдан әйелдердің Ұлттық лига командалары арасында ХХХІІ Қазақстан чемпионатының шешуші ойындары өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бірінші жартылай финалдық матчта «Берел» (ШҚО) мен «Жетісу» (Талдықорған) командалары өзара кездесті.

Ришат Гилязутдинов жаттықтыратын өскемендіктер сербиялық Марко Гршичтің шәкірттерін 3:0 (25:14, 25:21, 25:20) есебімен ұтты.

Тағы бір жартылай финалда «Қуаныш» (СҚО) пен «Тұран» (Түркістан) клубтары шеберлік байқасады.

Екі кездесуде жеңіске жеткен команда финалға жолдама алады. Ал есеп 1:1 болса, 16 наурыз күні тағы бір матч ойналады.

Қалған клубтар 5-8 орындар үшін таласады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;