Сүндет Айтқұл 14 нокауты бар қытайлық жауынгермен жекпе-жекке шығады
![Сүндет Айтқұл 14 нокауты бар қытайлық жауынгермен жекпе-жекке шығады](https://prosports.kz/upload/news/content//202403/201131_9b5e1e39b492480f384971325b9c34b1.jpg?v=1710426317389?v=28686861)
Octagon тұжырымы бойынша әлем чемпионы Сүндет Айтқұл (7-1) келесі жекпе-жегінде 14 нокауты бар қытайлық спортшымен жұдырықтасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Талантты аралас жекпе-жек шебері Сүндет Айтқұл келесі жекпе-жегін Octagon 57 турнирінде өткізеді. 61 келі салмақта жұдырықтасатын отандасымыз 14 жекпе-жегін уақытынан бұрын аяқтаған қытайлық Хайтао Тиге (14-5) қарсы өнер көрсетеді. Бұл Octagon 57 турнирінің басты жекпе-жегі болмақ. Octagon 57 турнирі 19 сәуір күні, “Балуан Шолақ” спорт сарайында өтеді.
Айта кетейік, Сүндет Айтқұл соңғы жекпе-жегінде бразилиялық Клаудечи Брито де Соузаны уақытынан бұрын жеңіп, Octagon тұжырымы бойынша әлем чемпионы белбеуін жеңіп алған еді.