русский язык
Әлем футболы

Біріккен Араб Әмірліктерінде танымал футболшы қамауға алынды

Біріккен Араб Әмірліктерінде танымал футболшы қамауға алынды

Дубайда Нидерланд билігінің өтініші бойынша мәскеулік «Спартак» футбол клубының футболшысы Квинси Промес қамауға алынды. Бұл туралы ВВСжазды.

Нидерланд билігі футболшыны экстрадициялауды талап етіп отыр. Өйткені спортшы өз елінде 1,3 мың келі кокаин контрабандасы үшін істі болған.

Қазіргі уақытта 32 жастағы Проместі қамауға алу туралы халықаралық ордер шығарылды. Ол 6 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ресейлік журналистердің хабарлауынша, футболшы Дубайдағы оқу-жаттығу кезінде де тыныш жүрмеген. Жол апатына ұшырап, оқиға орнынан қашып кеткен.

«Ақпан айының соңында Промес жаттығудан кейін «Спартак» футболшыларымен бірге Дубайдан Ресейге ұшатын кезде шекарада ұсталды», - деп жазады NL Times.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;