русский язык

«Ақтөбе» Дорни Ромеромен келісімшартқа отырды

«Ақтөбе» Дорни Ромеромен келісімшартқа отырды

«Ақтөбе» 26 жастағы доминикандық шабуылшы Дорни Ромеромен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Келісімшарт үш жыл мерзімге жасалды.

Санта-Крус-дель-Сейбо тумасы кәсіби мансабын «Дельфинес дель Эсте» және «Сибао (Атлетико)» бастады және Доминикан Екінші Лигасының үздік бомбардирі, сонымен қатар турнирдің MVP ойыншысы атанды.

2020 жылы ол мексикалық «Венадосқа» 2021 жылы Боливияға ауысты. Алдымен «Реал Санта-Круста» ойнаған Дорни кейін «Олвейс Рэди» клубына ауысып, команданың жұлдызына айналды.

Ол бір маусымда 25 гол соғып, Боливия чемпионатының үздік бомбардирі атанды. 2023 жылы ол Доминикан Республикасының клубы мен ұлттық құрамасы сапында барлығы 35 гол соғып, КОНКАКАФ елдері арасында үздіктер қатарында.

Жақында екі гол соққан Ромеро «Олвейс Рэди»командасына Либертадорес кубогының үшінші кезеңіне шығуға көмектесті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;