русский язык
ММА

14 нокауты бар қытайлық Алматыда қазақ файтерімен кездеседі

14 нокауты бар қытайлық Алматыда қазақ файтерімен кездеседі

Еуразиялық жекпе-жек лигасы Алматыда OCTAGON 57 турнирі өтетінін жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Кеш 19 сәуірге жоспарланған. Қазақстандық Сүндет Айтқұл (7-1) кештің басты жекпе-жегінде өнер көрсетеді. Жеңіл салмақтағы жаңа чемпионның қарсыласы 19 жекпе-жек өткізген қытайлық файтер Хайтао Ти (14-5) болады. Қытай спортшысы кәсіпқой мансабындағы 14 жеңістің бәрінде мерзімінен бұрын жеңіске жеткен.

Басты кардта «қазақ седудосы» Дамир Төленов (11-1) бақ сынайды, ол тағы бір тәжірибелі қытайлық Цюлуньмен (19-10) кездеседі.

Цонгву (7-1, Қытай) – Ерасыл Шукатаев (10-4, Қазақстан)

Мироншох Джафаров (5-1, Өзбекстан) – Константин Меркулов (5-3, Қазақстан)

Шохасан Мирзаматов (11-3, Өзбекистан) – Эмин Шарифов (5-1, Әзербайжан).

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 56 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;