Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына шыға алмады
![Қазақстандық теннисші АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына шыға алмады](https://prosports.kz/upload/news/content//202403/201736_ee45f86d85e738a1ad2e9d7d355947b4.jpeg?v=28686875)
Қазақстандық теннисші Бейбіт Жұқаев кореялық Сон Чхан Хонмен бірге Финиксте (АҚШ) халықаралық жұптық турнирдің ширек финалына жолдама алмады, деп хабарлайды Prosports.kz .
Бірінші айналымда Жұқаев/Хон жұбы М.Крюгер (АҚШ)/Д.Кудла (АҚШ) жұбынан 3:6, 6:3, 7:10 есебімен жеңіліп қалды.
Кездесу 1 сағат 11 минутқа созылды.