русский язык
Әлем футболы

Чемпиондар лигасы: Ширек финалға шыққан барлық команда анықталды

Чемпиондар лигасы: Ширек финалға шыққан барлық команда анықталды
news-banner7
mobile-news-top

Сәрсенбі, 14 наурызда Чемпиондар лигасы 1/8 финалының қарымта ойындары өтті, деп жазады Prosports.kz.

Дортмундтық «Боруссия» өз алаңында ПСВ-ны 2:0 есебімен ұтып (алғашқы ойын 1:1), ширек финалға шықты. Тағы бір кездесуде «Атлетико» өз алаңында «Интерді» пенальти сериясында жеңді (3:2).

Сейсенбі күні «Арсенал» мен «Барселона» келесі кезеңге өтті. Лондондық команда «Портуды» пенальти сериясында жеңді – 4:2 (негізгі және қосымша уақыт – 1:0, бірінші матч – 0:1). Ал каталониялық клуб өз алаңында «Наполиді» 3:1 (бірінші ойын – 1:1) есебімен жеңді.

Чемпиондар лигасы 1/8 финалындағы өзге матчтардың нәтижесі:

«Манчестер Сити» — «Копенгаген» — 3:1, 3:1

«Реал» — «РБ Лейпциг» — 1:0, 1:1

«Бавария» — «Лацио» — 0:1, 3:0

«ПСЖ» — «Реал Сосьедад» — 2:0, 2:1

Осылайша, турнирдің ширек финалына «Реал Мадрид», «Манчестер Сити», «Бавария», «ПСЖ», «Барселона», «Арсенал», «Боруссия» Д және «Атлетико» шықты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;