Нұралы Әліп «Зенит» сапындағы 50-кездесуін өткізді
![Нұралы Әліп «Зенит» сапындағы 50-кездесуін өткізді](https://prosports.kz/upload/news/content//202403/201736_fad8c34fb86131db242d4dac30115548.jpg?v=28687214)
«Зенит» қорғаушысы Нұралы Әліп Ресей кубогының ширек финалында «Динамоға» қарсы (2:0) матчқа қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл оның Ресей чемпионы сапындағы 50-кездесуі болды.
«Зениттің» баспасөз қызметі «Мерейтойың құтты болсын!» деп құттықтады.
Айта кетейік, Әліп Қазақстан құрамасы сапында 30 ойын өткізген.