русский язык

«Астана» сапына он ойыншы қосылды

«Астана» сапына он ойыншы қосылды

Бүгін «Астана» қысқа үзілістен кейін жаттығу процесін бастап, Қазақстан чемпионатының үшінші турына дайындықты жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Негізгі құрамданың бірқатар ойыншылары өз елдерінің ұлттық және жасөспірімдер құрамаларына шақырту алғандықтан, бапкерлер штабы жаттығуға «Астана-Ж» футболшыларын шақыру туралы шешім қабылдады.

Алматыға қосалқы құрамның он ойыншысы аттанды: қорғаушылар Санжар Әнуаров (2005), Мұса Таушев (2006), Тимур Төкенов (2005), Әлижан Саурбай (2005), жартылай қорғаушылар: Рахымжан Амангелдинов (2005), Дамир Елубаев (2005), Өміржан Омарбек (2005), Арман Варданян (2005), шабуылшылар: Андрей Березуцкий (2004), Батырхан Мұстафин (2005).

«Астана» Чемпионаттағы келесі ойынын 31 наурызда «Елімайға» қарсы өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;