русский язык
ММА

Үйі өртенген: әйгілі UFC файтері Коулман тікұшақпен ауруханаға жеткізілді

Үйі өртенген: әйгілі UFC файтері Коулман тікұшақпен ауруханаға жеткізілді

UFC-дің бұрынғы файтері Марк Коулманның Фремонттағы үйі (Огайо) өртеніп, спортшы оқиға орнында есінен танып қалған, деп хабарлайдыProsports.kz тілшісіҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Ол түн ішінде итінің үрген дауысынан оянып, шаңырағының қызыл жалынға оранып жатқанын байқаған. Спортшы ата-анасын үйден шығарып үлгерген, алайда итін құтқаруға шамасы жетпей қалған.

Sportexpress порталының хабарлауынша, осы оқиғадан кейін 59 жастағы Коулман тікұшақпен ауруханаға жеткізілген.

Коулман UFC 10 және UFC 11 чемпионы, Pride Fighting Championships 2000 ашық салмақтағы Гран-при чемпионы. Коулман екінің біріне бұйыра бермейтін UFC Даңқ Залына енгенін атап өткен жөн.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;