русский язык
Әлем футболы

Египет құрамасының ойыншысының матч кезінде жүрегі тоқтап қалды

Египет құрамасының ойыншысының матч кезінде жүрегі тоқтап қалды

Египет құрамасының ойыншысы Ахмет Рефаат ауруханада жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Фьючера» клубында ойнайтын ойыншының жүрегі тоқтап қалды.

Оқиға Мысыр чемпионатының 16-турының «Аль-Иттихадқа» қарсы ойыны (0:0) кезінде болды. Ойынның 89-минутында Рефаат есін жоғалтып құлаған. 30 жастағы футболшы дереу ауруханаға жатқызылды.

Клубтың баспасөз қызметінің хабарлауынша, мысырлықтың жүрегі бір сағаттан артық соқпағанымен, дәрігерлер спортшыны өмірге қайтара алды. Қазіргі уақытта Ахмет Рефаат жансақтау бөлімінде жатыр. Футболшының жағдайы тұрақсыз деп бағалануда.

«Біз бұқаралық ақпарат құралдарын ойыншының жеке өміріне және оның денсаулығына құрметпен қарауға шақырамыз және мысырлық футбол жанкүйерлерінен Ахмед Рефааттың мүмкіндігінше тезірек сауығып кетуі үшін дұға етуді сұраймыз», - делінген хабарламада.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;