русский язык

Грекия құрамасының бас бапкері Қазақстанға келген

Грекия құрамасының бас бапкері Қазақстанға келген

Prosports.kz Грекия құрамасының бас бапкері Густаво Пойетке қатысты қызықты оқиғаны еске түсірді.

Жақында Қазақстан құрамасы Еуро-2024 жолдамасына талас жүргізетін Грекия құрамасының бас бапкері елімізде болғанын, тіпті елімізде жүлде жеңіп алғанын білесіз бе?

1996 жылы Алматыда Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы атты турнир ұйымдастырылған болатын. Оған төрт клуб қатысты: ақтаулық «Мұнайшы», испаниялық «Сарагоса», бразилиялық «Флуминенсе» және голландиялық «Фейеноорд».

Айта кету керек, еуропалық командалар Қазақстанға келуді өте салмақты қабылдап, Алматыға негізгі құрам ойыншыларын әкелді. «Орталықта» Роналд Куман, Хенрик Ларссон, Эд де Гуй сынды жұлдыздар роттердамдық клуб сапында өнер көрсетті. «Сарагосамен» Фернандо Мориентес, Владислав Радимов және... екі жылдан бері Грекия құрамасын басқарып келе жатқан Густаво Пойет келді. Бұл команда Қазақстан Президенті Кубогын жеңіп алды.

Кейін Пойет футболшы карьерасында Испания, Англия және УЕФА Суперкубоктары, Кубок иегерлерінің кубогы және Copa America жеңіп алды. Трофейлерді жинау Алматы турниріндегі жеңіспен басталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;