«Топ-15-тегі көп файтерді жеңе алады». Танымал инсайдер Асу Алмабаевтың UFC-дегі келесі қарсыласын атады
![«Топ-15-тегі көп файтерді жеңе алады». Танымал инсайдер Асу Алмабаевтың UFC-дегі келесі қарсыласын атады](https://prosports.kz/upload/news/content//202403/201736_9b981123cabc7ad22d00236d7c85aff2.jpeg?v=28686381)
Белгілі MMA инсайдері, Eurosport Nederland журналисі және Tapology.com сайтының редакторы Марсель Дорфф Prosports.kz сайтына қазақстандық Асу Алмабаевты UFC-дегі екінші жеңісі туралы ойын айтты.
«Ол өте жақсы күреседі. Менің ойымша, Асу Топ-15-тегі көптеген жігітті жеңе алады. Оның келесі қарсыласы Су Мудаэрджи (Тибет текті қытайлық боксшы, ең жеңіл салмақтағы UFC рейтингінде 15-орында тұр, рекорды - 16-6, Prosports.kz) болуы мүмкін.
Алмабаевтың соққы техникасы да жақсы деп ойлаймын. Менің ойымша, ол күрес шеберлігімен октагондағы жағдайды өзгерте алады. Генри Хоофтпен бірге жаттығудың пайдасы мол», - деді сарапшы.
Айта кетейік, Қазақстан уақыты бойынша 10 наурыз күні таңертең Алмабаев (19-2) Майамиде (АҚШ, Флорида штаты) өткен UFC 299 турнирінде америкалық Си Джей Вергараны (12-5-1) жеңді.