русский язык
Бокс

«Қазақ Ломаченкосы» Олимпиада жолдамасын жеңіп алды

«Қазақ Ломаченкосы» Олимпиада жолдамасын жеңіп алды

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Махмуд Сабырхан Бусто-Арсицио (Италия) қаласындағы турнирде Олимпиада лицензиясы үшін жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

57 келіге дейінгі салмақтағы ширек финалда Сабырхан үш Азия ойындарының (2014, 2018, 2023), 2023 жылғы әлем чемпионатының қатысушысы және кәсіпқой бокста 12-1 (7 нокаут) рекорды бар тәжікстандық Асрор Вахидов болды. Қазақстандық спортшы төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Сабырхан қазіргі әлем чемпионы: ол 2023 жылы Ташкентте (Өзбекстан) алтын медаль иеленген болатын.

Айта кетейік, бұған дейін Айбек Оралбай, Қамшыбек Қоңқабаев, Карина Ибрагимова және Сәкен Бибосынов Олимпиада лицензиясын жеңіп алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;