русский язык
Бокс

Қазақстандық боксшы Олимпиада лицензиясын жеңіп алды

Қазақстандық боксшы Олимпиада лицензиясын жеңіп алды

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов Бусто-Арсицидиода өтіп жатқан турнирдің ширек финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Сәкен турнирдің 1/4 финалында ұлыбританиялық Киаран МакДональдты жеңгеніп, 2024 жылғы Олимпиада лицензиясына ие болды.

Еске сала кетейік, 26 жастағы Сәкен Бибосынов 2020 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері және 2021 жылы әлем чемпионы атанған еді.

Айта кетейік, бұған дейін Айбек Оралбай (92 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (+92 келі) және Карина Ибрагимова (57 келі) Олимпиада лицензиясын жеңіп алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;