русский язык
Әлем футболы

«Челси» мен «Манчестер Сити» «Жирона» бапкеріне көз тігіп отыр

«Челси» мен «Манчестер Сити» «Жирона» бапкеріне көз тігіп отыр

«Жиронаның» бас бапкері Мичел Анхельге бірден екі англиялық ірі команда қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

AS ақпараты бойынша, 48 жастағы маманға «Челси» мен «Манчестер Сити» көз тігіп отыр. Лондондықтардың өкілдері «Жирона» бапкерімен келіссөздер жүргізу үшін Испанияға барып үлгерді. «Челси» бастықтарының команда бапкері Маурисио Почеттиноның жұмысына толық көңілі толмай жүр.

City Group "(құрамына «Ман Сити» пен «Жирона» кіреді) басшылығы Мичел Анхельді Хосеп Гвардиола англиялық клубтан кетсе, оның орнын басуы мүмкін деп санайды.

Мичел «Жиронаның» бас бапкері қызметін екі жыл бойы (2021 жылдан бастап) атқарып келеді. 48 жастағы маман «Райо Вальекано», «Уэска» сияқты командалармен де жұмыс істеген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;