русский язык
Теннис

Елена Рыбакина жұптық сында бірге өнер көрсеткісі келетін теннисшілерді атады

Елена Рыбакина жұптық сында бірге өнер көрсеткісі келетін теннисшілерді атады

Әлемнің төртінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина жұптық сында бірге өнер көрсеткісі келетін теннисшілерді атады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Елена Рыбакина серіктес ретінде швейцариялық теннисші Роджер Федерер мен Беларусь теннисшісі Арина Соболенконы (әлемнің екінші ракеткасы) таңдады.

«Маған Роджер Федерер ұнайды. Соны таңдайық. Әйелдерге келетін болсақ, Арина Соболенко. Ол көңілді», - деді Елена.

Естеріңізге сала кетейік, Рыбакина денсаулығына байланысты АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында 6-17 наурыз аралығында өтіп жатқан WTA 1000 турнирінде өнер көрсетуден бас тартқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;