Қазақстандық боксшы Олимпиада лицензиясын ала алмады
![Қазақстандық боксшы Олимпиада лицензиясын ала алмады](https://prosports.kz/upload/news/content//202403/472_63b7b7eac38a1ab9b8cd9e5705cb163d.jpeg?v=28686620)
Қазақстандық боксшы Валентина Хальзова Бусто-Арсицидиода өтіп жатқан турнирдің ширек финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы 1/4 финалда ұлыбританиялық Синди Нгамбамен кездесті. Жекпе-жекте Хальзова техникалық нокаутпен жеңіліп қалды.
Осылайша қазақстандық боксшы Олимпида ойындарының лицензиясынан айырылып қалды.