Олимпиадаға іріктеу: Қазақстан үшінші лицензияны жеңіп алды
![Олимпиадаға іріктеу: Қазақстан үшінші лицензияны жеңіп алды](https://prosports.kz/upload/news/content//202403/201736_c321426aef4aeb554b733923e9474a99.webp?v=28686631)
Қазақстандық Айбек Оралбай бокстан Бусто-Арсицио (Италия) қаласында өтіп жатқан лицензиялық олимпиадалық турнирде ширек финалдық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оның 92 келіге дейінгі салмақтағы қарсыласы америкалық Джамар Тулли болды. Жекпе-жек 5:0 есебімен төрешілер шешімімен Айбек жеңіске жетті.
Осылайша, Айбек Оралбай турнирдің жартылай финалисті атанып, 2024 жылы Парижде (Франция) өтетін Олимпиада ойындарына жолдама алды.
Айта кетейік, өткен жылы Қазақстаннан Қамшыбек Күнқабаев (+92 келі) пен Карина Ибрагимова (57 келі) алдағы Олимпиадаға жолдама алған болатын.