русский язык
Бокс

Олимпиадаға іріктеу: Қазақстан құрамасының капитаны үшінші жекпе-жегінде жеңіске жетті

Олимпиадаға іріктеу: Қазақстан құрамасының капитаны үшінші жекпе-жегінде жеңіске жетті

Қазақстандық боксшы Асланбек Шымбергенов Бусто-Арсициодағы (Италия) лицензиялық олимпиадалық турнирде үшінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

71 келіге дейінгі салмақта 1/8 финалда Шымбергенов Түркіменстандық Байрамдурды Нұрмұхамедовпен жұдырықтасқанда, оны екі жақты шешіммен жеңді.
Осылайша Қазақстан құрамасының капитаны турнирдің ширек финалына шығып, Олимпиада лицензиясын жеңіп алуға жақындады.

Айта кетейік, 2024 жылы Парижде (Франция) өтетін Олимпиадаға жолдаманы жеңіп алу үшін Бусто-Арсициодағы турнирде ерлер арасында 71 келі салмақта жартылай финалға шығу керек. Айта кетейік, Асланбек Шымбергенов қазіргі әлем чемпионы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;