Қазақстандық файтер тәжікстандық «Гангстерді» жеңді
![Қазақстандық файтер тәжікстандық «Гангстерді» жеңді](https://prosports.kz/upload/news/content//202403/201736_df56914a9ceec68d0cd94f5ef91a6466.jpeg?v=28686336)
Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында OCTAGON 56 турнирінің басты кардттың алғашқы жекпе-жегі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кеш аясындағы кезекті жекпе-жекте тәжікстандық (Гангстер) Шерзод Ибодиллоев (6-2) пен Қазақстандық файтер Асқар Жақсылықов (6-1) кездесті.
Жекпе-жек толық үш раундқа созылып қазақстандық файтер төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, жекпе-жек кеші аясында Еркебұлан Тоқтар (6-3) мен өзбекстандық Одилхон Камолов (3-2) арасында реванш өтеді.
Кештің басты жекпе-жегінде орта салмақтағы чемпион қазақстандық Керім Даидов (9-0) отандасы Мурад Абдурахмановпен (9-2) кездеседі.