Қазақстандық файтер өзбекстандық қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады. Видео
![Қазақстандық файтер өзбекстандық қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмады. Видео](https://prosports.kz/upload/news/content//202403/201131_0d544a468122e2fb001426f16bcfe134.jpeg?v=28686342)
Алматыда OCTAGON 56 турнирінде алдын ала кардтың екінші жекпе-жегі өтті.
Жеңіл салмақта Абдулатиф Мирзаахметов (1-0) пен Жақсылық Тұрсынбай (2-1) кездесті. Жекпе жектің екінші раундында Жақсылық Тұрсынбай қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді.
Айта кетейік, жекпе-жек кеші аясында Еркебұлан Тоқтар (6-3) мен өзбекстандық Одилхон Камолов (3-2) арасында реванш өтеді.
Кештің басты жекпе-жегінде орта салмақтағы чемпион қазақстандық Керім Даидов (9-0) өзбекстандық «уақытша» белбеу иегері Ислом Болтаевқа (4-2) қарсы жекпе-жекте чемпиондық титулын қорғайды.
OCTAGON 56 турниріне билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады.