русский язык
ММА

Асу Алмабаев UFC турнирінде бонуссыз қалды

Асу Алмабаев UFC турнирінде бонуссыз қалды

UFC 299 турнирінің қорытындысы бойынша ақшалай бонустардың иелері белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Америкалық Дастин Порье мен француз Бенуа Сен-Дени арасындағы жекпе-жек үздік деп танылды. Порье нокаутпен ұтты. Қарсыластардың әрқайсысы 50 мың доллардан алды.

Басты шайқаста эквадорлық Марлон Вераны бірауыздан жеңген Шон О'Мэлли, Робелис Деспаньер, Мишель Перейра, Джек Делла Маддалена және Кертис Блэйдес жекпе-жек үшін 50 000 доллардан сыйақы алды.

Айта кетейік, дәл осы турнирде қазақстандық Асу Алмабаев (19-2) UFC-дегі екінші жеңісіне қол жеткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;