русский язык
Бокс

Валентина Хальзова іріктеу турнирінде келесі айналымға өтті

Валентина Хальзова іріктеу турнирінде келесі айналымға өтті

Қазақстандық Валентина Хальзова бокстан Бусто-Арсициодағы (Италия) лицензиялық турнирдің келесі кезеңіне өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.

75 келіге дейінгі салмақта бақ сынайтын Хальзова жастар арасындағы әлем чемпионы, түркиялыққ Бусра Исилдарды жеңді.

Қазақстандық боксшы үш раунд бойы басымдық танытып, ширек финалға өтті.

Енді ол 11 наурыз күні шаршы алаңға шығады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;