русский язык
Бокс

Лицензиялық турнир: 9 наурыз күні шаршы алаңға кімдер шығады

Лицензиялық турнир: 9 наурыз күні шаршы алаңға кімдер шығады

Италияның Бусто-Арсицио қаласындағы Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынып жатқан турнирде 9 наурыз күні Қазақстан құрамасынан шаршы алаңға кімдердің шығатыны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Сонымен қатар 9 наурыз күні 60 келі салмақта Париж Олимпиадасының алғашқы иегерлері анықталады.

9 наурыз:
Шаршы алаңға шығатын Қазақстан құрамасы: (Жекак-жек Астана уақытымен көрсетілген)
Таңғы сессия:
18:15

75 келі - Валентина Хальзова (Қазақстан) - Бусра Исилдар (Түркия)
Кешкі сессия:

23:45
66 келі - Наталья Богданова (Қазақстан) - Анета Ригельска (Польша)

01:15
92 келі - Айбек Оралбай (Қазақстан) - Хулио Сезар Кастильо Торрес (Эквадор).

Париж Олимпиадасының жолдамасы сарапқа салынып жатқан турнир 3 наурызда басталған болатын. Жарыс 12 наурыз күні мәресіне жетеді.

Аталған турнирде ерлер арасында 28, әйелдер арасында 21 жолдама сарапқа салынуда. Қазақстан құрамасынан ерлерден 6, әйелдерден 5 боксшы жолдамаға таласып жатыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;