Роналду мен Месси тарихтағы ең көп жалақы алатын 10 спортшының қатарына енді
Sportico тарихтағы ең көп жалақы алатын спортшылардың жаңартылған рейтингін жариялады. Есептеу кезінде басылым мыналарды ескерді: жалақы, бонустар, сыақылар, сондай-ақ инфляцияны ескере отырып, спортпен байланысты қызметтен түскен табыстары.
Ең көп жалақы алатын 10 спортшының қатарына үш футболшы енді. «Әл-Наср» мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду, «Интер Майами» мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси, сондай-ақ Англия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы (қазіргі уақытта «Интер Майами» иелерінің бірі) Дэвид Бекхэм.
Ең жоғары жалақы алатын топ-10 спортшы:
1. Майкл Джордан — 3 млрд 750 млн доллар (баскетбол).
2. Тайгер Вудс — 2 млрд 660 млн доллар (гольф).
3. Криштиану Роналду — 1 млрд 920 млн доллар (футбол).
4. Арнольд Палмер — 1 млрд 760 млн доллар (гольф).
5. Леброн Джеймс — 1 млрд 700 млн доллар (баскетбол).
6-7. Джек Никлаус — 1 млрд 670 млн доллар (гольф).
6-7. Лионель Месси — 1 млрд 670 млн доллар (футбол).
8. Дэвид Бекхэм — 1 млрд 500 млн доллар (футбол).
9. Роджер Федерер — 1 млрд 490 млн доллар (теннис).
10. Флойд Мэйвезер — 1 млрд 480 млн доллар (бокс).