русский язык
Теннис

Дмитрий Попко Бразилияда жартылай финалға өтті

Дмитрий Попко Бразилияда жартылай финалға өтті

Қазақстандық теннисші, әлемнің 276-ракеткасы Дмитрий Попко Ресифе (Бразилия) ITF турнирінің жартылай финалына өтті.

Жарыстың 2-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ширек финалда франциялық Паул Фалсекимен сынға түсті.

Дмитрий Попко франциялық спортшыны 6:2, 6:3 есебімен оңай ұтты.

Қазақстандық теннисшінің жартылай финалдағы қарсыласы кейін белгілі болады.
Мұның алдында Д.Попко АҚШ-та Флоридада үш додада жеңімпаз атанған еді. Ал Аргентинада финалға шыққанымен, ол ойын ауа райына байланысты өтпей қалған еді. Соны есептемегенде, Д.Попко қатарынан 22 матчта жеңіске жетіп отыр.

Дмитрий сонымен қатар бразилиялық Даниэль Дутра Да Сильвамен бірге жұптық сында да табысты өнер көрсетуде. Олар бразилиялық Энрике Бого – парагвайлық Эрнандо Хосе Иснардиді 6:4, 6:4 есебімен тізе бүктіріп, жартылай финалға өтті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;