русский язык
Бокс

Бокс федерациясының вице-президенті Римма Волосенконың даулы жепе-жегіне пікір білдірді

Бокс федерациясының вице-президенті Римма Волосенконың даулы жепе-жегіне пікір білдірді

Италияның Бусто-Арсицио қаласындағы Париж Олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынып жатқан турнирдің ширек финалда жеңіліп қалған Римма Волосенконың даулы жепе-жегіне байланысты Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Азиз Қожамбетов пікір білдірді.

«Олимпиада ойындарына лицензиялық бәсекелер Халықаралық Олимпиада комитетінің аясында өтеді. Өкінішке қарай, ХОК ережесіне сәйкес, Ұлттық федерациялар жекпе-жек қорытындысы бойынша төрешілер шешіміне шағым бере алмайды. Тек төрешілердің жұмысына баға беретін бақылаушы мен бағалаушы болады. Қазақстан бокс федерациясы тарапынан осы жекпе-жекке байланысты турнир ұйымдастырушыларына наразылығымызды жеткіздік. Олар кездесуге қазылық еткен төрешілердің жұмысын қарастырып, кінәрат болған жағдайда алдағы жекпе-жектерден шеттететіндіктерін айтты. Бірақ, өкінішке қарай, жекпе-жектің қорытынды есебі өзгертілмейді», - деді Азиз Қожамбетов.

Естеріңізге сала кетейік, кеше 60 келі салмақ дәрежесінде қазақстандық Римма Волосенко мен словакиялық Мирослава Жединакова жұдырықтасып, өкінішке қарай, төрешілер жеңісті 2:3 есебімен қарсыласқа берді. Осы нәтижеден кейін жекпе-жек қорытындысына байланысты қазақстандық бокссүйер қауым мен белгілі спорт мамандары арасында қазылар «бұра тарты» деген реніштерін білдірген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;