русский язык
Теннис

Индиан-Уэллс турнирі: Рыбакина мен Бубликтің қарсыластары анықталды

Индиан-Уэллс турнирі: Рыбакина мен Бубликтің қарсыластары анықталды

Индиан-Уэллс (АҚШ) турнирінде Қазақстанның бірінші ракеткалары Елена Рыбакина мен Александр Бубликтің қарсыластары анықталды. Рейтингілері жоғары болғандықтан, қос теннисші де жарысты екінші айналымнан бастайды.

Индиан-Уэллс WTA 1000 додасының өткен жылғы чемпионы, биылғы 4-ракеткасы Е.Рыбакина алғашқы кездесуін рейтингіде 84-орындағы аргентиналық Надя Подороскамен өткізеді. Аргентиналық ойыншы бірінші матчында америкалық, әлемнің 71-ракеткасы Эшлин Крюгерді жарыс жолынан тайдырды – 3:6, 6:3, 6:3.

Индиан-Уэллс мастерс турнирінің 20-ракеткасы болып тіркелген Бублик екінші айналымда рейтингіде 139-сатыда тұрған, 19 жастағы Цзюньчэн Шанмен шеберлік байқасады. Қытайлық теннисші күтпеген жерден әлемнің 33-ракеткасы, аустралиялық Джордан Томпсонды жеңіп кетті – 6:2, 6:3.

Сондай-ақ жарысты Александр Шевченко мен Юлия Путинцева да жалғастыруда.

Түпнұсқасы: inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;